РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және "А.И.Бараевтың атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 212 ұсынысына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қ.С.Омаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ А-4/120 қаулысына
қосымша
2013 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ р/р |
Дақылдардың атауы |
Егістік жұмыстарының басталуы мен аяқталуының қолайлы мерзімдері |
1 |
Орташа кеш жаздық бидай |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
2 |
Орташа піскен жаздық бидай |
17 мамырдан 27 мамырға дейін |
3 |
Орташа ерте жаздық бидай |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
4 |
Жаздық арпа |
29 мамырдан 7 маусымға дейін |
5 |
Сұлы |
27 мамырдан 3 маусымға дейін |
6 |
Қарақұмық |
25 мамырдан 4 маусымға дейін |
7 |
Асбұршақ |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
8 |
Нұт |
17 мамырдан 22 мамырға дейін |
9 |
Рапс |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
10 |
Май тұқымына күнбағыс |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |