Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № А-1/7 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енегізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулынын тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы өкімдігінің 07.03.2014 № А-3/55 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 2/2 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы" шешімінің негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы өкімдігінің 07.03.2014
№ А-3/55 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г. Горохводацкийге жүктелсін.
3. Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының, 2 қосымшаға сәйкес, күші жойылған деп танылсын.
4. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі |
Е.Сағдиев |
Сандықтау ауданы әкімдігінің |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау ауданы өкімдігінің 07.03.2014 № А-3/55 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау ауданы өкімдігінің 13.05.2014 № А-6/139 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің басшысы;
үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
қамтамасыз ету орталығының маманы;
күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
барлық мамандықтың мұғалімдері;
педагог-психолог;
әдіскер;
нұсқаушы;
шебер;
тәрбиеші;
вожатый;
музыкалық жетекші;
кітапханашы;
медициналық бике;
лаборант;
кітапхана меңгерушісі;
әлеуметтік педагог;
педагог-ұйымдастырушы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы;
кітапхана, клуб меңгерушісі;
аккомпаниатор;
әдіскер;
музыкалық жетекші;
көркем жетекші;
хореограф;
кітапханашы;
библиограф;
балетмейстер;
дыбыс режиссері;
мәдени ұйымдастырушы.
Сандықтау ауданы әкімдігінің |
Сандықтау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-77 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2008 жылдың 14 мамырында жарияланған) 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 қаулысы.
2. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-127 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2011 жылдың 3 маусымында жарияланған) 2011 жылғы 6 мамырдағы № А-5/116 қаулысы.
3. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-135 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2011 жылдың 28 қазанында жарияланған) 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № А-10/229 қаулысы.
4. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-149 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2012 жылдың 27 сәуірінде жарияланған) 2012 жылғы 19 наурыздағы № А-3/88 қаулысы.