Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № А-4/108 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 мамырда № 3734 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № А-9/241 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 23.10.2014 № А-9/241 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 227 қорытындысының негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 мамырында туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының әкімі                   С.Қамзебаев

Шортанды ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі 
№ А-4/108 қаулысына   
қосымша         

Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/с

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

1

Ортакеш пісетін жаздық бидай

24 мамырға дейін

15 мамырдан 23 мамырға дейін

2

Орта пісетін жаздық бидай

27 мамырға дейін

18 мамырдан 26 мамырға дейін

3

Ортаерте пісетін жаздық бидай

31 мамырға дейін

21 мамырдан 30 мамырға дейін

4

Жаздық арпа

5 маусымға дейін

27 мамырдан 4 маусымға дейін

5

Сұлы

31 мамырға дейін

26 мамырдан 30 мамырға дейін

6

Қарақұмық

5 маусымға дейін

25 мамырдан 4 маусымға дейін

7

Тары

5 маусымға дейін

28 мамырдан 4 маусымға дейін

8

Ноқат

18 мамырға дейін

7 мамырдан 17 мамырға дейін

9

Бұршақ

26 мамырға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

10

Чечевица

26 мамырға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

11

Рапс

24 мамырға дейін

12 мамырдан 23 мамырға дейін

12

Күнбағыс

21 мамырға дейін

10 мамырдан 20 мамырға дейін

13

Зығыр

26 мамырға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

14

Сүр шөпке жүгері

26 мамырға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

15

Бір жылдық шөптер

29 мамырға дейін

12 мамырдан 28 мамырға дейін

16

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі

14 мамырға дейін

1 мамырдан 13 мамырға дейін

17

Картоп

21 мамырға дейін

10 мамырдан 20 мамырға дейін

18

Көкөністер

15 маусымға дейін

10 мамырдан 14 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады