Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің 15.01.2014 № 01-10/63 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 209 қорытындысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Базархановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз
Бурабай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ А-4/226 қаулысына
қосымша
Бурабай ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с |
Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы |
Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері |
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері |
1. |
Орташа кеш пісетін жаздық бидай |
15 мамырдан 23 мамырға дейін |
24 мамырға дейін |
2. |
Орташа пісетін жаздық бидай |
19 мамырдан 26 мамырға дейін |
27 мамырға дейін |
3. |
Орташа ерте пісетін жаздық бидай |
23 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |
4. |
Жаздық арпа |
29 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
5. |
Сұлы |
27 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |
6. |
Қарақұмық |
25 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
7. |
Ноқат |
7 мамырдан 17 мамырға дейін |
18 мамырға дейін |
8. |
Бұршақ |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
9. |
Жасымық |
18 мамырдан 28 мамырға дейін |
29 мамырға дейін |
10. |
Зығыр |
20 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
11. |
Рапс |
12 мамырдан 23 мамырға дейін |
24 мамырға дейін |
12. |
Қыша |
12 мамырдан 23 мамырға дейін |
24 мамырға дейін |
13. |
Күнбағыс |
12 мамырдан 20 мамырға дейін |
21 мамырға дейін |
14. |
Бір жылдық шөптер |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |
15. |
Картоп |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
16. |
Көкөністер |
10 мамырдан 15 маусымға дейін |
16 маусымға дейін |
17. |
Сүрлемге жүгері |
18 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |