Ойыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 желтоқсанда № 3717 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 05 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 05.01.2014 № 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: М. Абдуллин

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 қаулысына 1 қосымша

2013 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Тұрғылықты жердің атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны (адам)
1
Ойыл ауылы
75
 
Барлығы
75

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 қаулысына 2 қосымша

2013 жыл бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Бір тәрбиелену шіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар
Балабақшалар (бөбекжайлар)
Сұйық отынмен жылыту
Электр жүйесімен жылыту
1 топтан 3 топқа дейін
1 топтан 3 топқа дейін
6 топтан 7 топқа дейін
23598
20230
20109

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 қаулысына 3 қосымша

2013 жыл 1 тәрбиеленушіге күніне ата-аналардың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар
Балабақшалар (бөбек-бала бақшалар)
Ұйымдарда болу ұзақтығымен
9-10, 5 сағат
200

      Ескертпе: бір тәрбиеленушіге күнге ата-ананың ақы төлеу мөлшері 200 теңгеден артық емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады