Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 06 желтоқсандағы N 24-147 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 23 желтоқсанда N 2530 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 39-259 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 27.05.2015 № 39-259 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 5-32 шешімімен бекітілген Текелі қаласы жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының ставкалары автотұраққа (паркинге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы К. Нестеров
      Текелі қалалық мәслихатының хатшысы Н. Калиновский
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Текелі қаласы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Исабаев Ермек Сәбитұлы
      "Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Есболатов Болат Бүркітбайұлы

  Текелі қалалық мәслихатының
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
"Жер салығының базалық
ставкаларын жоғарылату туралы"
N 24-147 шешіміне қосымша

Автотұраққа (паркинге), автомобильге май құю станцияларына
бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді
қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату

Аймақтың нөмірі
Жер салығының базалық ставкаларының жоғарылату (+) пайызы
I
+20
II
+10
III
+10
IV
Базалық ставка (6.75)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады