РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі және 2013 жылдың 3 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
Жамбыл ауданының әкімі | Н. Календеров |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
"Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Е. Абдуллаев
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25.01. № 7 қаулысына 1 қосымша |
2013 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі
1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;2. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Аса ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Айшабибі ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ақбұлым ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Гродиково ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ерназар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Көлқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Полатқосшы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
22. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
23. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Жамбыл коммуналдық кәсіпорындар комбинаты" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25.01. № 7 қаулысына 2 қосымша |
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ | Жұмыс түрлері | Көлемі және нақты жағдайлары | Қаржы көздері | Сұраныс | Ұсыныс |
1 | Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары) | Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша | Жергілікті бюджет | 60 | 60 |
2 | "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген тал-дарақтардың сақталуын қамтамасыз ету | Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша | Жергілікті бюджет | 40 | 40 |
3 | Республикалық және аймақтық іс шараларын өткізуге жәрдемдесу | Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша | Жергілікті бюджет | 30 | 30 |
4 | Бюджеттік мекемелерді қысқы жылыту маусымына дайындау, соғыс ардагерлері мен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу | Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша | Жергілікті бюджет | 20 | 20 |
| Барлығы: | | | 150 | 150 |