"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 29-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 3904 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 43-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 06.05.2019 № 43-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2020 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы аудандық "Жаңа өмір – Новая жизнь" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Аталған шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебiнен төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрайымы мәслихат хатшысы
      Э. Мамедова Е. Тлеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады