Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарын белгiлеу туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 257 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 тамызда № 1989 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Барлық кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар қосымшаға сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бiрлесiп белгiленсiн.
      2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Аукенов Қайрат Қостанайұлына жүктелсiн.
      Аудан әкiмi Қ. Мәдібек

      КЕЛІСІЛДІ:
      Сарысу аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      Е. Имашев
      23 шілде 2013 жыл

  Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 257 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 26.01.2016 № 17 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Елдi мекен атаулары

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары

1
Жаңатас қаласы
2 шағын ауданда орналасқан қалқа
3 шағын ауданда орналасқан қалқа
6 шағын ауданда орналасқан қалқа
Жібек жолы көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
С. Мұқанов және Бейбiтшiлiк көшелерiнiң қиылысындағы қалқа
А. Иманов көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
С. Сейфуллин атындағы орта мектебiнiң жанындағы
қалқа
2
Саудакент ауылы
Қ. Асанов көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
Б. Сұлтанғазиев көшесiнiң бойында орналасқан қалқа
3
Ақтоғай ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
4
Ұ.Сыздықбайұлы ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
5
Арыстанды ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
6
Түркiстан ауылы
М. Әуезов атындағы орта мектебiнiң жанындағы қалқа
7
Үшбас ауылы
Ауылдық кітапхана жанындағы қалқа
8
Ұйым ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
9
Жаңаталап ауылы
Жаңаталап орта мектебі жанындағы қалқа
10
Игiлiк ауылы
Фельдшерлiк-акушерлiк пунктiнiң жанындағы қалқа
11
Өндiрiс ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
12
Жайылма ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
13
Маятас ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
14
Қызылдихан ауылы
Фельдшерлiк-акушерлiк пунктiнiң жанындағы қалқа
15
Жайлаукөл ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
16
Қамқалы ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа
17
Шығанақ ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқанша
18
Шағалалы ауылы
Ауылдық кітапхана жанындағы қалқа
19
Досбол ауылы
Досбол орта мектебі жанындағы қалқа
20
Тоғызкент ауылы
Тоғызкент ауылдық округі әкiмiнiң аппараты ғимаратының жанындағы қалқа
21
Әбiлда ауылы
Ауылдық клуб жанындағы қалқа

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады