Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жезқазған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Сессия төрағасы | М.Е. Бекмағанбетов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С.Т. Медебаев |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы N 14/120 шешіміне қосымша |
Жезқазған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу нормалары
N | Нысан санатының атауы | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы |
1 | Абаттандырылған үй иелігі | 1 тұрғын | 1,8 |
2 | Абаттандырылмаған үй иелігі | 1 тұрғын | 1,9 |
3 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
4 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1 |
5 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,64 |
6 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,39 |
7 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,97 |
8 | Емханалар | 1 бару | 0,0085 |
9 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 1,2 |
10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орыны | 1,07 |
11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отырғызу орыны | 0,37 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,07 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,06 |
14 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
15 | Азық-түлік дүкендері | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,8 |
16 | Машиналардан сату | сауда орынының 1 шаршы метрі | 0,25 |
17 | Өнеркәсіптік тауарлық дүкендер, супермаркеттер | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,6 |
18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,27 |
19 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,34 |
20 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,21 |
21 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,6 |
22 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,5 |
23 | Жағажайлар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 1,1 |
24 | Дәріханалар | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,4 |
25 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанар май құю станциясы, гараждар | 1 машина-орыны | 2 |
26 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,1 |
27 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,15 |
28 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орыны | 1,01 |
29 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,5 |
30 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,85 |
31 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары | 1 жұмыс орыны | 0,95 |
32 | Моншалар, сауналар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,41 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,04 |
Ескерту: қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа тығыздығы – 166 кг/м3