"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 2485 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Д.Т. Камеловқа жүктелсін.
      3.Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
А. Аглиулин

      

  Шахтинск қаласы
әкімдігінің 2013 жылғы
23 желтоқсандағы № 36/1
қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ережесі

      Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аймақтың мемлекеттік жоспарлауының тиімді жүйесімен экономиканың тұрақты, сапалы өсімін, қалалық бюджетті орындау, қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті құрастыру және бюджеттік есепті жүргізу, қалалық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шахтинск қаласы әкімдігі – жергілікті атқарушы орган тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып, сонымен қатар оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі міндеттерін жүзеге асырушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Шахтинск қаласының әкім аппараты" ММ болып табылады.
      4. Мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық үлгідегі заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органында шоттары, орнатылған үлгідегі бланктері, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрлері және мөртаңбалары бар.
      5. Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға енеді.
      6. Мемлекеттік мекеме егер ол заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастар жағынан енуге құқығы бар.
      7. Мемлекеттік мекеменің құзырлы мәселесі бойынша мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен дайындалатын және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа актілерімен заңда орнатылған тәртіпте шешімдер қабылдайды.
      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шектi штат саны қолданымдағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесі 101.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" Мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел экономики и финансов города Шахтинска".
      11. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттік мекеме қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет табыстарына жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Шахтинск аймағының әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, қаланың даму бағдарламасын, қалалық бюджетті орындау, қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті құрастыру және бюджеттік есепті жүргізу, қалалық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіруді іске асыру.
      16. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
      1) қалалық бюджетті жоспарлау және атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
      2) экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
      3) Шахтинск аймағының кенттері мен қаласының әлеуметтік – экономикалық даму паспортын, Шахтинск қаласының даму бағдарламасын құрастыруды үйлестіреді;
      4) аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру және басқару;
      5) Шахтинск қаласының аумағындағы жағдай туралы қала әкімін және қала әкімі орынбасарларын уақытылы және толық ақпараттандырады.
      17. Мемлекеттік мекеме өз құзырлығы шегінде келесі міндеттерді жүзеге асырады:
      1) өз құзырлығы шегінде әлеуметтік – экономикалық даму болжамын және Шахтинск қаласының бюджет параметрлерін әзірлеуді жүзеге асырады;
      2) қала бюджетінің жобасын құрастыру, бюджетке табыстың және салықтың жылдық түсімін болжау, жергілікті бюджетке табыстардың түсіміне талдау жүргізеді;
      3) 3 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің саласында бюджет шығыстарының лимитін және бюджеттің негізгі параметрлерін қалыптастырады;
      4) үш жылғы кезеңге қалалық бюджетті әзірлеуді, қалалық бюджетті қалыптастыру бойынша бюджеттік комиссияның жұмысы үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
      5) қалалық мәслихатқа қалалық бюджеттің жобасын ұсынуды жүзеге асырады;
      6) қаржы жылына Шахтинск қаласының барлық бюджеттік мекемелері бойынша нақтыланған, бекітілген жылдық қаржы жоспарының талдауын іске асырады;
      7) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың негіздемесіне талдауды, алдымыздағы қаржы жылына және үш жылғы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің ұсынуына және құрастырылуына бақылауды жүзеге асырады;
      8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссияға ұсынған бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды дайындауды;
      9) жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыруды;
      10) қалалық бюджетті орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      11) бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      12) жоспарлы кезеңге шығындардың орындалуы және күтілетін бюджет түсімдерін анықтайтын процесс болып табылатын, қолма - қол ақшаны, қолма - қол ақша профициттін (дефициттін) және оны қайтару көзінің келу болжамын құрастырады;
      13) міндеттер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жөніндегі жиынтық жоспарларды құрады, бекітеді және жүргізеді;
      14) бюджет қаражат есебінен бөлінген бюджет несиелерін тіркеуді, олардың мониторингі мен есебін жүзеге асырады;
      15) бюджетті орындау көрсеткіштерін үнемі және жүйелі түрде жинау, қадағалау және талдау жүргізу арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
      16) бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бекітілетін мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған мемлекеттік мекеменің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) сатудан түскен түсімдер мен шығындардың жиынтық жоспарын келіседі;
      17) бюджеттік қаражатты басқарады;
      18) қалалық бюджеттің қолма - қол ақша бақылау шотындағы ақша қозғалысының мониторингін жүргізу;
      19) кезекті қаржы жылына арналған қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат шешіміне сәйкес Шахтинск қаласы әкімдігінің қарызын өтеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
      20) қалалық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізуді қамтамасыз етеді;
      21) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін тәртіппен, қала әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қолдау хатты қарайды;
      22) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік даму бағдарламасын жыл сайын бағалауды жүзеге асырады;
      23) қалалық бюджет қаражатын игеру мониторингі жөніндегі жұмыстар шеңберінде мемлекеттік органдар, мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
      24) өз құзыретті шегінде мемлекетті мүлікті басқару саласында нормативтік құқықты актілер әзірлейді;
      25) аудандық коммуналдық мүлікті тиімді және мақсатты қолдануына бақылау жасауда жүзеге асырады;
      26) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, аудандық коммуналдық меншікті оның ішінде аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы пакеттермен және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерімен иелену, қолдану, сондай–ақ Шахтинск қаласы әкімдігімен белгіленген жағдайда оны басқаруды жүзеге асырады;
      27) мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша сауда жүргізу туралы хабарландыруды жариялау үшін кезеңдік баспа өнімдерін анықтау бойынша конкурс жүргізеді;
      28) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық мүлікті бекітеді;
      29) аудандық коммуналдық мүлік есебін жүргізеді, оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік тізімін жүргізеді;
      30) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы Шахтинск қаласы әкімдігімен қабылданған шешімдер бойынша аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шартын әзірлеуді және жасауды, сату-сатып алу шарттарының бұзылмауына бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
      31) аудандық коммуналдық меншікті Шахтинск қаласы әкімдігінің белгіленген тәртіпте соңынан сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүлікті жалға (арендаға), сенімді басқаруға ұсынады;
      32) аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз қолдануға береді;
      33) аудандық коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша міндеттердің сенімді басқарушылармен орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      34) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      35) әкімдік шешіміне сәйкес акцияларды және қатысу үлестерін иелену және қолдану құқығы Шахтинск қаласының қаржы бөліміне берілген мемлекеттік бақылау жүргізілуіне сәйкес саладағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдау жасауды жүзеге асырады;
      36) акцияларды және қатысу үлестерін иелену және қолдану құқығы берілген мемлекеттік бақылау жүргізілетін сәйкес саладағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдау жасауды жүзеге асырады;
      37) аудандық коммуналдық мекемелердің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      38) сәйкес саладағы уәкілетті органның келісімі бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті тартып алуды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
      39) сәйкес саладағы уәкілетті органның келісімінсіз бақылау жүргізілген сәттен бастап алты ай ағымында мемлекеттік мүліктің мақсатты қолданылуына бақылау жасау нәтижесі бойынша анықталған аудандық қоммуналдық заңды тұлғаның артық, қолданылмайтын немесе мақсатты қолданылмайтын мүлікті тартып алуды жүзеге асырады;
      40) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға соңынан баланстан шығара отырып басқа тұлғаға тапсырғанға дейін тартып алынған мүлікті күту және сақтауды қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
      41) сәйкес саладағы уәкілетті органға аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта құру және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;
      42) қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға оған бекітілген мүлікті иелігінен шығаруға немесе басқаруға (өзі өндірген өнімді сатуды қоспағанда), филиалдар мен өкілдіктерін құруға келісім береді;
      43) аудандық коммуналдық заңды тұлғаға бекітілген мүлікті мүліктік жалға (арендаға) ұсынылуына талдау жүргізеді;
      44) қала әкімдігіне тиесілі дивиденттердің уақытында және толық есептелуіне және төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесі қала әкімдігіне тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар арасында таза табысты бөлуге бақылау жасауды жүзеге асырады;
      45) қала әкімдігінің қатысуымен аудандық коммуналдық кәсіпорындардың акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеу және оларды тиімді басқару мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      46) жалғыз акционер (қатысушы) қала әкімдігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) сәйкес директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) құрамына өзінің өкілдігін тағайындайды, ал қала әкімдігінің қатысуымен өзге акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директорлар кеңесіне және бақылаушылар кеңесіне кандидатураларды акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында бекітуге ұсынады;
      47) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін тізімнен шығаруды келіседі;
      48) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен иесіз, мемлекетке мұрагерлік құқықпен ауысқан, сонымен қатар иесіз мүлік, өтеусіз тәртіппен көшкен қараусыз жануарлар деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнымен бекітілген тәртіппен коммуналдық меншікке (келіп түскен) бағытында аудандық коммуналдық меншікті әрі қарай қолдану және бағалау, сақтау, есебін жүргізуді ұйымдастырады;
      49) жергілікті атқарушы органдардың алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін, объектілерді аудандық коммуналдық меншік тізіміне енгізілген аудандық қоммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстық жергілікті атқарушы органымен алдын - ала келісімін алады;
      50) экономика және қаржы бөлімінің Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      51) экономика және қаржы бөлімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, азаматтарды жеке қабылдау, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізудің қызметін ұйымдастыру;
      52) бөлім басшысының бұйрықтарын, қала әкімдігінің қаулыларын және әкім өкімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      53) бөлімде кадр саясатын жүзеге асырады, кадр резервін қалыптастырады, қызметкерлердің оқуын, қайта даярлау және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      54) экономика және қаржы бөлімінің қызметтерін, қаланың әлеуметтік – экономикалық жағдайын, экономикалық мәселелерді шешу жолдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;
      55) мемлекеттік мекемеге мүлік бекітеді;
      56) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
      57) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      58) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара қабылдайды;
      59) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен анықталған өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме:
      1) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден және басқа да ұйымдардан қаланың экономика және қаржы бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді сұрауға және алуға;
      2) атқарушы органдар құзырлығындағы ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, құпияларды пайдалануға;
      3) қаланың экономика және қаржы бөлімінде қарастыруға жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
      4) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмыстан шығаруға және қабылдауға;
      5) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза беруге және ынталандыруға шара қабылдауға;
      6) қала әкімінің, жергілікті атқарушы органдардың отырыстарына қатысуға;
      7) коммуналдық қызметтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасайды, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік актілерді бекітуге, әзірлеуге;
      8) жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған немесе коммуналдық заңды тұлғамен берілген, коммуналдық мүлікті басқару жөнінде өкілеттік органға мүлікті бөлуге немесе алуға келісім береді;
      9) 2013 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңында, Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) гендерлік және отбасы – демографиялық саясатты іске асыру және қалыптастыру;
      11) мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеме құру мақсаттарына жауап бермейтін қызметтермен айналысуға құқылы емес.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      19. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. Мемлекеттік мекеме басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шахтинск қаласы әкімімен тағайындалады және босатылады.
      21. Шахтинск қаласы әкімдігінің бекіткен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік мекеме басшысы өзіне орынбасар алуы мүмкін. Қала әкімі аппараты басшысының, жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарының келісімімен Шахтинск қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы орынбасар лауазымына тағайындайды және сол лауазымнан босатады.
      22. Мемлекеттік мекеме басшысына мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және бөлімдердің жұмысын үйлестіру қызметтері жүктелген.
      23. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілдіктері:
      1) мемлекеттік мекеменің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің құрылымын, сонымен қатар олардағы өзгерістерді қалыптастырады;
      2) мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын, ұйымдастыру - құқықтық, қаржы – техникалық және бөлімнің қаржылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, бөлімнің және мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді;
      3) мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және бөлім мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылауды, мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді;
      5) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз қызмет етеді;
      6) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      7) келісім - шарттар жасайды;
      8) сенімхаттар береді;
      9) қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және қазақстандық және шет елдердегі оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәжірибе алмасу, іс сапар бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын және тәртібін бекітеді;
      10) банк шоттарын ашады;
      11) барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулар мен бұйрықтар береді;
      12) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне әкімшілік тәркілеу және кеңейту бойынша шаралар қабылдайды;
      14) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да жетекшілік қызмет атқаратын қызметкерлерінің міндеттерін және олардың өкілеттік шеңберін белгілейді;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктейді;
      17) Қазақстан Республикасының Заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      24. Заңнамада қарастырылған жағдайда, Шахтинск қаласының қаржы бөлімі жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік ұстауға құқығы бар.
      Шахтинск қаласының қаржы бөлімінің мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған, меншіктенуші берген, сонымен қатар, (қаржылық табыстарды қосқанда), өз қызметінің нәтижесінде немесе өзге көздерден алынған мүлік есебінен құралады.
      25. Мемлекеттік мекеме оған тіркелген, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікпен өз еркімен билік етуге немесе оны иелігінен шығаруға құқылы емес, егер заңнамада өзгеше орнатылмаса.
      26. Мемлекеттік мекеменің мүлкі жедел басқару құқығында оған тиесілі және ол коммуналдық жекеменшікке жатады.
      27. Қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, мекемеге бекітілген мүлікті басқаруға және дербес тартып алуға мемлекеттік мекеменің құқығы жоқ, егер заңнамада өзгеше орнатылмаса.
      28. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады, егер заңнамада өзгеше орнатылмаса.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 31.10.2014 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есеп ұсынады.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады