Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы N 108 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурызда N 2220 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11.04.2014 N 197 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысы                           М. Оңғарқұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы            Т. Жармағанбетов
      13 ақпан 2013 жыл

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2013 жылғы 13 ақпандағы
N 108 шешіміне қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесі

      1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдарға:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысына теңестірілгендігінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      3. I, II және III топтағы мүгедектерге:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      аурудың диагнозын растайтын медициналық мекемесінен құжат;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      5. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдарға:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды растайтын құзыретті органның қорытындысы;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      6. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жас мамандарға (денсаулық сақтау, білім беру, және ветеринария):
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      оқу орнын аяқтағаны жөнінде дипломның көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      8. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (егер отбасының жиынтық табысы белгіленген ең төменгі күн көріс деңгейінен аспаған жағдайда):
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      өтініш берушінің (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      9. 75 жастан асқан зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын адамдарға:
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.
      10. Мүгедек балаларға:
      ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі;
      туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектігі жөнінде анықтама;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады