Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева) квоталанған жұмыс орындарына интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерінің жұмысқа орналастыруына жәрдем жасасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш. Мамалинов