Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 28.02.2014 № 07/07 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Малдың аса қауіпті (құтырма) ауруына байланысты, Қарақойын селолық округінің аумағында құтырма бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысымен көзделген талаптарға сәйкес, мал иелеріне шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралары қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабында белгіленген, "Нұра ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарлардың (құтырма) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары өткізілсін.
4. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ансари Нагаманович Алшымбаевқа (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Қанаұлы Аймағамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау Комитетінің
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Алшымбаев
2013 жылғы 18 желтоқсан