Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Приозерск қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 25/234 қаулысына қосымша |
Приозерск қаласында көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін орындары
№ | Сауда орындары | Сауда алаңы, шаршы метр |
1 | Кисунько көшесіндегі № 13/3 үйінің алдында | 60 |
2 | Дружба народов көшесіндегі № 2 үйінің алдында | 60 |
3 | Космонавттар көшесіндегі № 1/2 және Балқаш көшесіндегі № 2/2 үйлерінің алдында | 60 |
4 | Озерная көшесіндегі "Березка" дүкенінің алдында | 60 |
5 | Рақымжан Қошқарбаев көшесіндегі № 7/2 үйінің алдында | 60 |
6 | Абай көшесіндегі № 7 және Ағыбай батыр көшесіндегі № 3 үйлерінің алдында | 60 |
7 | Бауыржан Момышұлы көшесіндегі № 12/1 үйінің алдында | 60 |
| Барлығы: | 420 |