2013 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі N 131 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 мамырда N 4452 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы N 5-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 15.01.2014 N 5-қ қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Раймбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арал ауданының әкімі                       М. Жайымбетов

      Аудан әкімдігінің
      2013 жылғы "22" сәуірдегі
      N 131 қаулысына қосымша

       2013 жылға арналған Арал ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Жасы елуден асқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық).
      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады