2013 жылға арналған Қармақшы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 шілдедегі N 4 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде N 4475 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 ақпандағы N 253 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 03.02.2014 N 253 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған Қармақшы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қошалақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің уақытша
      міндетін атқарушы                            Е. Қалиев

      Қармақшы ауданы әкімдігінің
      2013 жылғы "10" шілдедегі
      N 4 қаулысына қосымша

2013 жылға арналған Қармақшы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалары.
      4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.
      5. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады