"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 135 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 маусымда N 2253 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.08.2013 № 244 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29 бабының 2 тармағына, «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614, «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1642 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Т. Базарбаев) осы қаулының заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. «Әкетілетін заттың мәдени құндылығы болған жағдайда қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 297 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Х. Нұрғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі
      А.Қ. Жұмағалиев
      16 мамыр 2013 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 16 мамырдағы № 135
қаулысымен бекітілген

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
  1.Жалпы ережелер
 

      1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының: www.e.gov.kz мекен-жайы арқылы және «Е-лицензиялау» веб-порталының: www.elicense.kz мекен-жайы арқылы көрсетіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 22) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы 29-бабының Заңының және «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1642 қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1614 қаулысымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
      5. Осы «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);
      2) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ЭҮП);
      3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
      4) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электронды қызметті іске асыру шеңберінде «электронды үкіметтің» ақпараттық жүйесін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
      5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
      6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
      7) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      8) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      9) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      10) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет беруші);
      11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
      13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      14) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
      15) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мекеме немесе өзге де ұйымдар және ақпараттық жүйе, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімі (бұдан әрі – ҚФБ).
 

2.Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі

 6. Осы Регламенттің 2-қосымшасында қызмет берушінің ЭҮП арқылы адымдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық іс-қимылының № 1 диаграммасы) келтірілген:
      1) алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен алушы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1 - үдерiс – алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушының ЭҮП парольдi енгiзу үдерісі (авторландыру үдерiсi);
      3) 1 - шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тiркелген алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЭҮП тексеру;
      4) 2 - үдерiс – алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП авторландырудан бас тарту хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 – үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде бекіту;
      6) 4 - үдерiс – алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      7) 2 - шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендірме деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН) сәйкестігін тексеру;
      8) 5 - үдерiс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректердi) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7 - үдеріс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;
      11) 3 - шарт – алушының біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін қызмет берушінің тексеруі;
      12) 8 - үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 - үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (порталдан мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      7. Осы Регламенттің 2-қосымшасында қызмет беруші арқылы адымдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық іс-қимылының № 2 диаграммасы) келтірілген:
      1) 1 - үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізу;
      2) 1 - шарт – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің дұрыстығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2 - үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
      4) 3 - үдеріс – қызмет беруші қызметкердің осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің алушының деректерін енгізуі;
      5) 4 - үдеріс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға алушының деректеріне сұрау салуды жолдау;
      6) 2 - шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушының деректерінің болуын тексеру;
      7) 5 - үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 - үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7 - үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және электрондық мемлекеттік қызметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;
      10) 3 - шарт – алушыны біліктілік талаптарына және рұқсат беру үшін негіздерге сәйкестілігін, қызмет берушінің тексеруі;
      11) 8 - үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушының деректерінде бұзушылықтарының болуына байланысты сұратылатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 - үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алушының (порталдан мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру) алуы. Электрондық құжат электрондық мемлекеттік қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭҮП-де пайдалана отырып қалыптастырылады.
      8. Электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу мен жауапты толтырудың нысандары «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталында және «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында келтірілген.
      9. Алушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салуының орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП-да «Қызметті алу тарихы» бөлімінде, сондай – ақ қызмет берушіге хабарласқанда.
      10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.

Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
 

      11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЭҮП;
      2) ЭҮШ;
      3) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
      4) ЖТ МДБ/ЗТ МДБ;
      5) қызмет беруші
      12. Осы Регламентке 1-қосымшада әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, іс-қимыл (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      13. Осы Регламенттің 2-қосымшасында олардың сипаттамасына сәйкес (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма келтірілген.
      14. Осы Регламенттің 3, 4, 5 – қосымшаларында хабарламалардың нысандарын қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері келтірілген.
      15. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      16. Алушыға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттарды алудан қорғау);
      2) тұтастық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттардың өзгеруінен қорғау);
      3) қолжетімділік (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттар мен қорларды ұстаудан қорғау).
      17. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық шарттары:
      1) ғаламторға шығу;
      2) қызмет көрсетілетін жеке тұлғада ЖСН немесе заңды тұлғада БСН болуы;
      3) ЭҮП авторизациялану;
      4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы.
 

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне 1-қосымша
 

1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-ірекетінің сипаттамасы
 

Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Электрондық мемлекеттік қызмет алушы

ЭҮП

Электрондық мемлекеттік қызмет алушы

Электрондық мемлекеттік қызмет алушы

ЭҮП

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеу-
дің, операция-
ның) атауы және олардың сипаттама-
сы

Компьютердің интернет-
браузерінде электрондық мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту

Электрон-
дық мемлекет-
тік қызмет алушының деректе-
рiндегi болған бұзушылық-
тарына байланысты бас тарту хабарлама-
сын қалыптас-
тыру

Электрондық мемлекеттік қызметті таңдау және қажетті құжаттарды электрондық түрде бекiту арқылы сауал деректерiн қалыптастыру

Сұрау салуын куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таңдау

Алушының ЭЦҚ түпнұсқа-
лығының растал-
мауына байланысты бас тарту туралы хабарлама-
ны қалыптас-
тыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
басшылық ету шешімі)

Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқан-
дығы туралы хабарлама көрсету

Сауал салынған электрон-
дық мемлекет-
тік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама-
ны қалыптас-
тыру

Сауал салу ойдағыдай қалыптасты-
рылғандығы туралы хабарламаны көрсету

Сауал салуды бағыттау

Сауал салынған электрон-
дық мемлекет-
тік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама-
ны қалыптас-
тыру

5

Орындау мерзімдері

10–15 секунд

20 секунд

1,5 минут

10–15 секунд

10–15 секунд

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 – егер алушының деректерінде бұзушылықтар бар болса; 3 – егер авторлау ойдағыдай өтсе

-

4

5 – егер ЭЦҚ қате болса;

6 – егер ЭЦҚ қатесіз болса

-


Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Электрондық мемлекеттік қызмет алушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

3

Әрекеттің

(үдерістің, рәсімдеу-
дің, операция-
ның) атауы және олардың сипаттама-
сы

ЭЦҚ арқылы сауал салуды куәландыру (қол қою)

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты электрондық мемлекеттік қызмет алушының өтінішін тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеп, электрондық мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетіне электрондық мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішінің қабылғанғанын және қабылданған уақыты мен күнін көрсете отыра, қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесінің хабарландыру-есебін жолдау

«Е-лицензия-
лау» МДБ АЖ-да алушы деректерінде болған бұзушылықтар-
ға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Электрондық құжат (рұқсат беру)

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
басшылық ету шешімі)

Сауал салуды бағыттау

Өтінімге нөмір беру арқылы сауал салуды тіркеу

Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Порталдан мәдени құндылық-
тарды уақытша әкету құқығына куәлік беру

5

Орындау мерзімдері

1,5 минут

1,5 минут

10 жұмыс күні


6

Келесі әрекеттің нөмірі

7

8, 9

-

2 - Кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ іс - әрекетінің сипаттамасы
 

Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

«Е-лицензия-
лау» МДБ АЖ

Қызмет беруші

ЖТ МДБ

«Е-лицензия-
лау» МДБ АЖ

3

Әрекеттер

(үдерістің, рәсімдеу-
дің, операция-
ның) атауы және  олардың  сипаттама-
сы

«Е-лицензия-
лау» МДБ АЖ-да авторлау

Деректерде болған бұзушылық-
тарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Қызмет беруші қызметші-
сінің электрон-
дық мемлекет-
тік  қызметті таңдауы

Сұрау салуды

ЗТ МДБ-ға электрон-
дық мемлекет-
тік қызмет алушының деректерін тексеруге сұрау салуды жолдау

Деректерде болған бұзушылық-
тарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
басшылық ету шешімі)

Сұрау салудың

ойдағыдай қалыптасқан-
дығы туралы хабарлама  көрсету

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама  қалыптастыру

Сұрау салудың ойдағыдай қалыптас-
қандығы туралы хабарлама көрсету

Сұрау салуды бағыттау

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзімдері

10–15 секунд

10 секунд

1,5 минут

1,5 минут

1,5 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

1–«Е-лицен-
зиялау» МДБ АЖ - да қызмет беруші қызметшісі-
нің логині мен паролінің түпнұсқалы-
лығын тексеру

4

5- егер алушының деректе-
рінде бұзушылық-
тар болған болса;
6- егер авторлау ойдағыдай өтсе

-


Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) №

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ

«Е-лицензия-
лау» МДБ АЖ

3

Әрекеттер (үдерістің, рәсімдеу-
дің, операция-
ның)

атауы және

олардың

сипаттама-
сы

Құжаттарды бекіту

арқылы сұрау салу нысанын толтыру

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ -да электрондық құжатты тіркеу

және «Е-лицензиялау»

МДБ АЖ-да электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ -да электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерінде

болған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Электрондық құжат

(рұқсат беру)

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-
басшылық ету шешімі)

Сұрау салудың ойдағыдай қалыптасқан-
дығы туралы хабарлама көрсету

Өтінішке нөмір беру арқылы  сұрау салуды жүйеде тіркеу

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру

Порталдан мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру

5

Орындау

мерзімдері

10–15 секунд

1,5 минут

10 жұмыс күні

-

6

Келесі әрекеттің нөмірі

-

8- егер «Е-лицензиялау»

МДБ АЖ - да сұрау салу бойынша деректер жоқ болса;

9- егер сұрау салу бойынша деректер табылса

-

-


«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне 2–қосымша
 

ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық іс-қимылының № 1-диаграммасы
(N-1 диаграмманы қағаз нұсқасынан қараңыз) 
  Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық іс-қимылының № 2-диаграммасы
(N-2  диаграмманы қағаз нұсқасынан қараңыз) 
  Шартты белгілер:
(шартты белгілерді қағаз нұсқасынан қараңыз)
 

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне 3-қосымша

(N 3 қосымшаны қағаз нұсқасынан қараңыз)
 

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне 4-қосымша

Нысан
______________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ______________________________________
Астананың жергілікті атқарушы органы)
______________________________________
______________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
 

ӨТІНІШ

Мынадай мәдениет құндылықтарын

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________

      4) ____________________________________________________________

      5) ____________________________________________________________

мақсатында__________________________________________________________

____________________________________________________________________

(елдің атауы және орналасқан жері)

уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз.

___________________________________________________________________

Өтініш берушінің деректері:_________________________________________

      (Т.А.Ә., туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің нөмірі, ______________________________________________

оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері) _____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
 
 

Қолы__________________ Мерзімі __________________
 
 

М.О.
 

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне 5-қосымша
 

__________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)
 

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі
сараптама комиссиясы
 

ҚОРЫТЫНДЫ

№ ____
 

_____________ қаласы «___» _______ 20___ ж.

      1. Өтініш беруші____________________________________________________
              (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

___________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің деректері:___________________________________________________________
               (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің нөмірі,

___________________________________________________________________
        оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)

__________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің қызметі:___________________________________

      4. Әкетудің (уақытша әкетудің) мақсаты:________________________

      5. Сараптамаға ____________________________________________
                            (заттың атауы, жазбаша саны)

      ұсынылды

      6. Заттың сипаттамасы:_______________________________________________

___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
(түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және орындалу техникасы, __________________________________________________________________
өлшемі, салмағы, сақталуы)

Қорытынды: ________________________________________________________

____________________________________________________________________
                 (мәдени құндылығы бар немесе жоқ, ____________________________________________________________________
              уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)


Сараптама комиссиясының

төрағасы:


Комиссия мүшелері:

____________________ (Т.А.Ә.)

____________________ (Т.А.Ә.)
 

М.О.

____________________ (Т.А.Ә.)

____________________ (Т.А.Ә.)


«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
электрондық мемлекеттік қызмет
регламентіне 6–қосымша
 

Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

_______________________________________________________
(қызметтің атауы)
 

      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара канағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады