Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы N 13/120 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде N 2236 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 18.03.2020 № 41/479(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2014 жылғы 09 маусымдағы N 29/238 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға 12100 (он екі мың бір жүз) тенге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 18.03.2020 № 41/479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Жаңаөзен қалалық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Б. Нұрбосинова).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Машқұлов

Қалалық


мәслихат хатшысы

С. Мыңбай


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық халықты жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Б. Маркашова

      28 ақпан 2013 жыл

      "Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Н. Ғұмарова

      28 ақпан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады