Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 41/479 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 4162 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2236, "Жаңаөзен" газетінде 2013 жылы 17 сәуірде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы";

      1 тармақ келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға 12100 (он екі мың бір жүз) тенге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Мусаев
      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С. Мыңбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады