Жаңаөзен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/28 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 4499 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 05-14-1461 ұсынысының негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Ж. Унайбаев).

      4. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Жугембаева
      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Т. Мусаев

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/28 шешіміне
  1 қосымша

Жаңаөзен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Жаңаөзен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен - "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдерінің негізінде мамандардан өтініш талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 100 (он екі мың бір жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/28 шешіміне
  2 қосымша

Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2236 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 сәуірдегі "Жаңаөзен" газетінде жарияланған).

      2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 маусымдағы № 29/238 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2469 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/303 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жүмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2692 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 қазандағы № 23/286 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3715 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 41/479 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/120 "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4162 болып тіркелген, 2020 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады