Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.07.2015 № 33/347 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
3. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы шешімді аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін (Б. Назар).
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Курбанов
Аудандық
мәслихат хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Ж. Тұманбаева
19 қараша 2013 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ш. Сұңғат
19 қараша 2013 жыл
Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 16/165 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидасы
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Мұнайлы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Жергілікті өкілеттік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы»2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет Стандартына, «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2018, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша статистика органы есептеп шығаратын, шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелік күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган-халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай-азаматтың тыныс-тіршілігін обьективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім);
9) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікке сәйкес Мұнайлы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.
2. Осы Қағида Мұнайлы аудандық әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес аумақта тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.
3. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай-ақ атаулы күндер мен мерекелік күндерге мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі - алушылар) жекелеген санаттарына ақшалай көрсетіледі.
4. 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидада қарастырылған тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) түрде ұсынылады.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы орган бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
2. Әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеудің және әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесін айқындау тәртібі
7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу туралы жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмекті көрсету туралы қорытынды жасаған кезде жергілікті өкілді органдармен бекітілген негіздемелердің түпкілікті тізбесін басшылыққа алады.
8. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттар үшін әлеуметтік көмек мөлшері Маңғыстау облыстық жергілікті атқарушы органдары келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
9. Әрбір жеке жағдайларда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
10. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек өтініштер талап етілмей Орталықтың немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға жергілікті атқарушы орган ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.
11. Адам (отбасы) мынадай:
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез- құлық;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс тіршілігінің шектелуі;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.
12. Өмірлік қиын жағдай туындағанда әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан өкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкіміне келесі құжаттардың қосымшасымен өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерін растайтын құжат;
3) осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәлімет;
4) азаматтың (отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәлімет;
5) алушының санатын растайтын құжаттар;
6) өмірдің қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжатты;
7) әлеуметтік көмек төлейтін өкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат;
8) туу туралы куәлік (жоғары оқу орындарының студенттері үшін);
9) білім беру қызметтерін көрсету шарты (жоғары оқу орындарының студенттері үшін).
Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесіне байланысты адамның (отбасының) өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсетуге хабарласа алады:
1) отбасының ересек мүшесі;
2) қамқоршы (сенімгер);
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.
13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
14. Әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде өкілетті орган немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
15. Учаскелік комиссия екі жұмыс күні ішінде құжатты алған күннен бастап өтініш берушінің тексерісін жүргізеді, нәтижесі бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, осы Қағиданың 2,3 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша, әлеуметтік көмекке тұлғалардың (отбасылардың) мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны өкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкіміне жолдайды.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкімі екі жұмыс күні ішінде акт және учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап оларды құжаттардың қосымшасымен өкілетті органға жібереді
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттардың жеткіліксіз болған жағдайда өкілетті орган сәйкес органдардан әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратады.
17. Өтініш беруші қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, өкілетті орган сәйкес мәліметтер бар, басқа да өкілді органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. Өкілетті орган бір жұмыс күні ішінде учаскелік комиссиядан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкімінен құжаттар түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) орташа жан басына шаққандағы кірісінің есебін жүргізеді және арнайы комиссияның қарауына құжаттардың толық пакетін ұсынады.
19. Арнайы комиссия екі жұмыс күні ішінде құжаттардың түскен күнінен бастап әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды шыққан кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
20. Өкілетті орган сегіз жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжатын тіркеу күнінен бастап әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы арнайы комиссияның қорытындысы мен қабылданған құжаттарының негізінде әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 16 және 17 тармағында көрсетілген жағдайда, өкілетті орган жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Өкілетті орган жазбаша түрде өтініш берушіге қабылдаған шешімі туралы (бас тартқан жағдайда – негіздеме көрсетіледі) үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдаған күннен бастап хабарлайды.
22. Бір-бірден белгіленген негіздемесі бойынша әлеуметтік көмек бір күнтізбелік жылдың ішінде екінші қайтара тағайындалмайды.
23. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
24. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:
1) өтініш берушімен ұсынылған дұрыс емес мәліметтер анықталғанда;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге өтініш беруші бас тартса, жалтарса;
3) әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұлғаның (отбасының) орташа жан басына шаққандағы табысының мөлшері белгіленген шектен асып кетуі.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылда Мұнайлы аудандық бюджетімен қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асады.
Әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
26. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушының қайтыс болуы;
2) алушының әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4) өтініш берушімен ұсынылған дұрыс емес мәліметтердің анықталуы.
Әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген жағдайлардың туындаған айынан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сома ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
5. Қорытынды ережелер
28. Әлеуметтік көмек көрсетудің мониторингін және есебін «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайданалану арқылы өкілетті орган жүргізеді.
Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 16/165 шешіміне 1 қосымша
Отбасының тіркеу нөмірі __________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
---------------------------- ------------------------- (өтініш иесінің Т. А. Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)
Р/с/ № |
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы _____________________ Күні ____________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді растауға уәкілетті
органның лауазымды
адамының Т. А. Ә. _________________
(қолы)
Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 16/165 шешіміне 2 қосымша
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. «____»___________________
_______________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._____________________________________
2. Тұратын мекен-жайы__________________________________________
_______________________________________________________________
3. Өтініш берушіні әлеуметтік көмек көрсету үшін хабарласуға себеп болған өмірлік қиын жағдай ___________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)_______ адам, оның ішінде:
Р/с № |
Т.А.Ә. |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатысы |
Жұмыс- |
Жұмыс- |
Қоғам- |
Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы__________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ _адам
Балалардың саны_______________________________________________:
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар_______
___________ адам, оқу құны жылына _______________ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, қарт адамдардың, 80 жастан асқандардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): _____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: _____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/c № |
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. |
Табыс түрі |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
|
бір айда |
бір тоқсанда |
||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________________________________________________қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)____________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі __________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы______
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
___________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
____________________ _________________________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _______________________өтініш
берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 16/165 шешімімен 3 қосымша
Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы
20 __ ж. «____»_______________
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
___________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: ___________________ ___________________________
Комиссия мүшелері: ___________________ ___________________________
___________________ ___________________________
___________________ ___________________________
___________________ ___________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
_____дана қоса берілген құжаттармен қорытынды
20 __ ж. «____» ___________________қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________________