Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.03.2016 № 42/458 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 10-11-2110 хатына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (әрі қарай - Қағида) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.03.2016 № 42/458 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/165 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2319 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 56(377) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ю.Нокеров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Назар |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г. Ақниязова
03 шілде 2015 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а
А.Көшекбаева
03 шілде 2015 жыл
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 шешімімен бекітілген |
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидасы
1.Кіріспе
1. Осы Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №367 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11512 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.08.2018 № 27/315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы Қағида әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
2. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік бейімдеу бойынша шаралар - қолданылып жүрген заңында көзделген тәртіпте жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, мүгедектерді оңалту құралдары ретінде, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралар түрінде (тұрғын үй көмегі, жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек) әлеуметтік орта жағдайларына бейімделу мақсатында берілетін шаралар;
4) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;
5) ең төмен күнкөріс деңгейі - өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша статистика департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
6) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелік күндері;
7) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
8) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
9) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
10) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
11) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
12) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган - "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
13) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Мұнайлы аудандық бөлімшесі;
14) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
15) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
16) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/37 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2016 № 4/74 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2019 № 41/402 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен;4. Осы Қағидалар Мұнайлы ауданына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын мұқтаж тұлғалардың жекелеген санаттарына қолданылады.
5. Өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерге мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі – әлеуметтік көмек алушылар) жекелеген санаттарына ақшалай түрде көрсетілетін көмек әлеуметтік көмек деп аталады.
6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір жолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) ұсынылады.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының әкімдігімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
3. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімдерімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
4) орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн, ШАК-ті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
ШАК тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Маңғыстау облыстық жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
4. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.05.2019 № 41/402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.13-1. ШАК осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген негізінде жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын жеке тұлғаларға немесе отбасыларға отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жасаған жағдайда беріледі.
14. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.05.2019 № 41/402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Адам (отбасы) мынадай:
1) жетімдік;
2) ата- ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс тіршілігінің шектелуі;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.
16.Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) алушының санатын растайтын құжаттар;
6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты;
7) әлеуметтік көмек төлейтін өкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжатты;
8) туу туралы куәлікті (жоғары оқу орындарының студенттері үшін);
9) білім беру қызметтерін көрсету шарты (жоғары оқу орындарының студенттері үшін);
10) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушы үшін жауынгердің отбасы мүшелеріне туысқандық қатынасы бар екенін дәлелдейтін құжаттар;
11) ардагердің жерленген жерін растайтын құжат, мұрағаттық анықтамалары, анықталған жауынгердің жерленген жеріне келіп кетуге және шайқас болған жерлеріне келіп кетуге шақырған тараптың шақырту хаты;
12) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушының жеке басын куәландыратын құжат;
13) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушының тұрақты тұрғылықты тіркелген жерін растайтын құжатты;
14) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушының әлеуметтік көмек беретін уәкілетті ұйымдағы банктегі шотының нөмірі туралы мәліметті растайтын құжатты;
15) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушы үшін толық жүріс маршрутына (белгіленген орынға бару және қайту) темір жол көлігінің барлық категориялы поездардың купелі немесе плацкарт вагондарында және (немесе) "Экономикалық" класстағы әуе көлігіндегі жол жүру билеті және отырғызу талоны;
Межелі жеріне тура баратын темір жол (авиа) қатынастары болмаған жағдайда, жүру билеттері межелі жеріне ең жақын елді мекенге дейін жүру билеттері ұсынылады. Жүру маршруты бірнеше келу және кету мекендерінен тұруы мүмкін.
16) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушы үшін қонақ үйде немесе басқа жерде тұрғанына шығынын растайтын құжаттарды ұсынады.
Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүдделерінде адамның (отбасының) өз бетінше хабарласа алмауының себебін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішімен:
1) отбасының ересек мүшесі;
2) қамқоршы ( сенімгер);
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға хабарласа алады.
17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17-1.Отбасының (тұлғаның) ШАК-қа жүгінген кезде уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге оны көрсету шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, оның барысында отбасының (тұлғаның) мәселесін, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерін анықтайды, сондай-ақ алдын ала:
1) үміткердің ШАК алуға құқығы;
2) көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу шараларының түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын айқындайды.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағиданың 4 және 5 қосымшалары бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді және отбасылық және материалдық жағдай бойынша сауалнама толтырылады.
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қағиданың 2,3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жолдайды.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы, ШАК-тан басқа, қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24-1. ШАК алуға үміткер отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім жөнінде (бас тартылған жағдайда негіздемені көрсете отырып) жазбаша хабардар етеді.
26. Алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 4/74 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);26-1. ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
ШАК-тың біржолғы сомасы әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана қолданылуға тиіс.
27. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5757 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.
Ескерту. 27 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.05.2019 № 41/402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.28. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органы белгілеген шектен артқан.
29. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылға Мұнайлы ауданының бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекті және ШАК-ты төлеу әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
4-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау
30.Құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды.
31. ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 33 тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі №482-V "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту орталығы" (бұдан әрі - жұмыспен қамту орталығы) мемлекеттік мекемесіне жібереді немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 31 тармақ- жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 4/74 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).32. Алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
33. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы тіркеу журналына қол қойғызып беріледі.
34.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
35.Әлеуметтіккөмек:
1)алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5)отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшартының бұзылуы және (немесе) келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
36. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
6. Қорытынды ереже
37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 1 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы
Ескерту. 1 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 2 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш
Ескерту. 2 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 3 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама
Ескерту. 3 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 4 қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
Ескерту. 4 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 5 қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 5 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 6 қосымша |
Үміткердің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салу
Ескерту. 6 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 7 қосымша |
Өтініштерді тіркеу журналы
Ескерту. 7 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 8 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 8 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 9 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеру актісі
Ескерту. 9 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 10 қосымша |
Өтініш берушінің "Өрлеу" жобасына қатысуына учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы
Ескерту. 10 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 11 қосымша |
Үміткерді және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеуге қою туралы жазба журналы
Ескерту. 11 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 12 қосымша |
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты
Ескерту. 12 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 13 қосымша |
Шартты ақшалай көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімі
Ескерту. 13 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 14 қосымша |
Шартты ақшалай көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы
№ _____ хабарлама
Ескерту. 14 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 15 қосымша |
"Өрлеу" жобасы бойынша отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттарын тіркеу журналы
Ескерту. 15 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 16 қосымша |
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына қосымша келісім
Ескерту. 16 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 17 қосымша |
___________________ (ауданы) бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтата тұру туралы 20__ жылғы "___" ___________ № __________ шешімі
Ескерту. 17 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 18 қосымша |
Отбасының белсенділігін арттыру бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттар мен әлеуметтік келісімшарттар туралы 20 __ жылғы есеп
Ескерту. 18 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 19 қосымша |
Шартты ақшалай көмекті тағайындау және төлеу туралы
20___ жылғы "___" ____________ есеп
Ескерту. 19 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 20 қосымша |
Шартты ақшалай көмек алушылар туралы есеп
Ескерту. 20 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 21 қосымша |
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеу туралы ассистенттің ай сайынғы есебі
Ескерту. 21 қосымша- алынып тасталды Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 19/241(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;.
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 22 қосымша |
Ескерту. Қағида 20 - қосымшамен толықтырылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 12.12.2016 № 6/104 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Қосымшаның нөмірі өзгерді -Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.10.2017 № 14/195 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Нысан
Отбасыны тіркеу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ ________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) (үйінің мекен жайы, тел.)
Р/с | Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты _____________________
(қолы)
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 23 қосымша |
Ескерту. Ескерту. Қағида 21 - қосымшамен толықтырылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 12.12.2016 № 6/104 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Қосымшаның нөмірі өзгерді -Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.10.2017 № 14/195 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Нысан
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
2. Тұратын мекен жайы
__________________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай __________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:
Р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған күні |
Өтініш берушіге туыстық қатынасы |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): _____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты |
Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы __________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты және қолы, күні _____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 24 қосымша |
Ескерту. Ескерту. Қағида 22 - қосымшамен толықтырылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 12.12.2016 № 6/104 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Қосымшаның нөмірі өзгерді -Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.10.2017 № 14/195 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Нысан
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты., лауазымы, қолы __________