Рудный қаласының шекараларындағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақта Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 570 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 4413 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 76 қаулысымен. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Уәкілетті органдармен келісу бойынша, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Рудный қаласының шекараларындағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақта Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының 1-тармағымен белгіленген Рудный қаласының шекарасындағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақта Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Рудный қаласының, Қостанай және Бейімбет Майлин аудандарының әкімдері:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалымен бірлесіп (келісім бойынша) мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізе отырып, су қорғау белдеулерінің жерлерін су қорының жерлеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;

      жер пайдаланушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекараларын, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын жеткізсін;

      осы қаулының 1-тармағымен белгіленген, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан Тобыл өзенінің жағдайына зиянды әсер ететін объектілерді шығару немесе жою жөнінде жұмыс жүргізсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өз құзыреттері шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметінің режиміне талаптардың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылсын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай


облысының әкімі

Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Мемлекеттік санитарлық-

      эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Қостанай облысы

      бойынша департаменті"

      мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      _______________ С. Байменова

      "Қазақстан Республикасы

      Қоршаған ортаны қорғау

      министрлігі Су ресурстары

      комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы

      Қоршаған ортаны қорғау

      министрлігі Экологиялық

      реттеу және бақылау

      комитетінің Қостанай

      облысы бойынша экология

      департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________ А. Әлімбаев

      "Қазақстан Республикасы

      Өңірлік даму министрлігінің

      Жер ресурстарын басқару

      комитетінің "Жер кадастры

      ғылыми-өндірістік орталығы"

      шаруашылық жүргізу

      құқығындағы республикалық

      мемлекеттік кәсіпорны

      Қостанай филиалының директоры

      _______________ Ж. Ерсұлтанов

      "Қазақстан Республикасы

      Өңірлік даму министрлігі

      Жер ресурстарын басқару

      комитетінің Қостанай

      облысы бойынша аумақтық

      жер инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________ Т. Төлеубаев

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      табиғи ресурстар және табиғат

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      ММ басшысы

      _________________ Қ. Төлеубаев

      Рудный қаласының әкімі

      ______________ Б. Ғаязов

      Қостанай ауданының әкімі

      _____________ А. Ахметжанов

      Таран ауданының әкімі

      ________________ Б. Өтеулин

  Әкімдіктің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 570 қаулысына 1-қосымша

Рудный қаласының шекарасындағы және
Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі
іргелес аумақта Тобыл өзенінің су
қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)

ұзындығы (метр)

ені (метр)

ауданы (гектар)

ұзындығы (метр)

ені (метр)

ауданы (гектар)

Қаратомар су қоймасы су торабының тұстамасы-

нан бастап Перцевка ауылына (қоса алғанда) дейінгі учаскеде Рудный қаласының шекарасын-

дағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақтағы Тобыл өзенінің сол жақ жағалауы

25384

250-1000

1945,27

39824

35;100

388,35

135,1-

142,0

Қаратомар су қоймасы су торабының тұстамасы-

нан бастап Перцевка ауылына (қоса алғанда) дейінгі учаскеде Рудный қаласының шекарасын-

дағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақтағы Тобыл өзенінің оң жақ жағалауы

25048

200-1000

1479,16

32701

100

360,63


      Ескерту: "Рудный қаласының шекарасындағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақта Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобаны әзірлеу" жобасының картографиялық материалында су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары көрсетілген.

  Әкімдіктің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 570 қаулысына 2-қосымша

Рудный қаласының шекарасындағы және Қостанай мен Бейімбет Майлин аудандары шегіндегі іргелес аумақта Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады