Мәслихаттың 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 150 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 маусымда № 4159 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 317 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 12.09.2014 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 25 тамыздағы № 345 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағиданы бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-2-167 тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Күші жойылды деп танылсын:
      мәслихаттың 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 32 "Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная станциясында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-2-95 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған);
      мәслихаттың 2009 жылғы 25 ақпандағы № 180 "Мәслихаттың 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 32 "Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная станциясында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 9-2-127 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған).".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       Р. Бермухамбетов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______ С. Фаткуллина

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______ С. Искуженов

      "Рудный қалалық
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______ С. Костина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады