Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту мөлшері 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен Рудный қаласы болып айқындалсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың | |
кезектен тыс | |
сессиясының төрағасы | Р. Бермухамбетов |
Қалалық мәслихат хатшысы | В. Лощинин |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша
салық департаменті
Рудный қаласы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________ С. Ахметов
Мәслихаттың 2013 жылғы 31 мамырдағы № 149 шешіміне 1-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары |
1 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), жабық түрдегі жер үсті автотұрақтар (паркингтер) | I |
2 | Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер) | II |
3 | Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер) | III |
Мәслихаттың 2013 жылғы 31 мамырдағы № 149 шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту мөлшері
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық салық ставкаларының ұлғайтылған мөлшерлері |
1 | I санат | 10 есе |
2 | II санат | 9 есе |
3 | III санат | 8 есе |