Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 89 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде № 4093 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 19.09.2013 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) табыстарын растаусыз, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) табыстарын есепке алғанда, жерлеуге біржолғы көмек:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыссыз ретінде тіркелген болса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары аз қамтылған отбасылардың тұлғаларына, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге, бір жылғы оқу төлемақысы мөлшерінде жыл бойына екі реттік үлеспен төленеді;
      5) табыстарын есепке алмай, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алғанда, орташа табысы ең төменгі күнкөріс денгейінен төмен табыстары бар отбасылардағы тұлғаларға, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) барлық топтағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, емдеу орындарына жол ақысына нақты шығындар бойынша біржолғы көмек;
      8) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін көрсетілсін.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылдың 28 қазандағы № 336 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 17 қарашадағы № 9-5-131 нөмірімен тіркелген, аудандық "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 46 санында жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезекті сессиясының төрағасы               В. Ведлер

      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Есмұханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ О. Банкова

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі" ММ
      бастығы
      __________________ Е. Павлюк

Аудандық мәслихаттың   
2013 жылғы 19 наурыздағы 
№ 89 шешіміне қосымша  

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет алу үшін
қажетті құжаттар тізімі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған алушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      5) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) тұрмыстық қажеттіліктерге:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      3) табыстарын есепке алғанда, жерлеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыссыз ретінде тіркелген болса;
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары аз қамтылған отбасылардың тұлғаларына, кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      баланың қайтыс болуы туралы куәлігі;
      4) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, сонымен қатар халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алғанда, орташа табысы ең төменгі күнкөріс денгейінен төмен табыстары бар отбасылардағы тұлғаларға:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      7) барлық топтағы мүгедектерге емдеу орындарына жол ақысына:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      жол ақы шығынын растайтын құжат;
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      8) барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      жедел емделуге кеткен шығындарды растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады;
      4. Осы шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады