Денисов ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығынын өтеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 100 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 сәуірде № 4115 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Денисов ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады