Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 28.01.2014 № 07-7/92 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы негiзiнде, Денисов ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Денисов ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
1) жаздық дәндi дақылдарды (бидай, арпа, сұлы, тары) 2013 жылғы 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейiн;
2) майлы дақылдарды (рапс, күнбағыс, зығыр, арыш, мақсары, қыша) 2013 жылғы 15 мамырдан бастап 30 мамырға дейiн;
3) қарақұмық 2013 жылғы 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейiн.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Денисов ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.Б. Рамазановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Денисов ауданы
әкiмiнің міндетін атқарушы Т. Рамазанов