Ескерту. Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 22.10.2013 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 47-бабына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 77 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген, 2012 жылғы 30 қарашада "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі" қосымшасында:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Рақымжанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекеменің бастығы
_____________________ Л. Иванченко