Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық төлемақы және тарифтік ставканы жиырма бес пайызға арттырылған құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 67 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 наурызда № 4075 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 26.09.2013 № 311 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238–баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық төлемақы және тарифтік ставканы жиырма бес пайызға арттырылған құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарабалық аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ______________ А. Тюлюбаев

Әкімдіктің      
2013 жылғы 4 наурыздағы 
№ 67 қаулысына қосымша 

Аудандық бюджет қаражаты есебінен,
лауазымдық төлемақы және тарифтік ставканы
жиырма бес пайызға арттырылған құқығы бар ауылдық
(селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет
және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      3) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман;
      4) психолог;
      5) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші.
      2. Білім беру мамандарының лауазымы:
      1) бiлiм беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалiмдерi;
      2) мектеп, мектеп-интернат директоры;
      3) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм, қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың ғылыми, оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;
      4) әлеуметтік педагог;
      5) педагог-ұйымдастырушы;
      6) қосымша бiлiм беру педагогы;
      7) педагог-психолог;
      8) әдiскер;
      9) музыкалық жетекшi;
      10) аға вожатый;
      11) дене шынықтыру жөнiндегi нұсқаушы;
      12) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес меңгерушiсi;
      13) лагерьдiң (сауықтыру) бастығы;
      14) зертхана, кабинет меңгерушiсi;
      15) өндiрiстiк оқыту шеберi;
      16) медбике;
      17) емдәмбике;
      18) кітапханашы;
      19) кiтапхана меңгерушiсi;
      20) бастауыш әскери дайындық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы;
      21) аға тәрбиешi, тәрбиешi;
      22) логопед.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымы:
      1) мемлекеттік мекемесі басшысы;
      2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      3) кітапханашы, библиограф;
      4) барлық атаулы суретшi;
      5) дыбыс жазу операторы;
      6) әдіскер;
      7) хореограф;
      8) көркемдiк жетекшi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады