Мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2013 жылғы 4 наурыздағы № 94 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда № 4073 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Костанай ауданы мәслихатының 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 21.11.2013 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3986 тіркелген, 2013 жылдың 18 қаңтарында "Арна" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі" қосымшасында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   А. Павловский

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________________ В. Панин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады