Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қаңтарда № 4400 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 321 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 12.06.2015 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______________ А. Досжанов

Әкімдіктің        
2013 жылғы 3 желтоқсандағы 
№ 970 қаулысына қосымша  

Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 06.08.2014 № 526 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) басшы;
      4) жұмыспен қамту орталығының маманы;
      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) директор;
      3) мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі;
      4) педагог-психолог;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      7) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      8) алғашқы әскери даярлық оқытушы – ұйымдастырушы;
      9) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      10) аға вожатый, вожатый;
      11) медбике;
      12) емдәм бике;
      13) концертмейстер;
      14) аккомпаниатор;
      15) кітапханашы;
      16) әдіскер;
      17) дефектолог мұғалім;
      18) музыкалық жетекші;
      19) репетитор;
      20) хореограф;
      21) аудармашы;
      22) шебер;
      23) бапкер.
      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) директордың орынбасары;
      3) бөлім меңгерушісі;
      4) мәдени ұйымдастырушы;
      5) басшы;
      6) бөлімше меңгерушісі;
      7) әдіскер;
      8) аккомпаниатор;
      9) режиссер;
      10) музыкалық жетекші;
      11) хореограф;
      12) суретші;
      13) аудармашы;
      14) кітапханашы;
      15) библиограф;
      16) бағдарламашы.
      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер;
      2) бапкер;
      3) нұсқаушы.
      5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринариялық дәрігер;
      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады