Әкімдіктің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 526 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 қыркүйекте № 5058 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 321 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 12.06.2015 № 321 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі                   Т. Исабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ___________ А. Досжанов
 

Әкімдіктің       
2014 жылғы 6 тамыздағы 
№ 526 қаулысына қосымша 

Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) басшы;
      4) жұмыспен қамту орталығының маманы;
      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) директор;
      3) мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі;
      4) педагог-психолог;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      7) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      8) алғашқы әскери даярлық оқытушы – ұйымдастырушы;
      9) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      10) аға вожатый, вожатый;
      11) медбике;
      12) емдәм бике;
      13) концертмейстер;
      14) аккомпаниатор;
      15) кітапханашы;
      16) әдіскер;
      17) дефектолог мұғалім;
      18) музыкалық жетекші;
      19) репетитор;
      20) хореограф;
      21) аудармашы;
      22) шебер;
      23) бапкер.
      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) директордың орынбасары;
      3) бөлім меңгерушісі;
      4) мәдени ұйымдастырушы;
      5) басшы;
      6) бөлімше меңгерушісі;
      7) әдіскер;
      8) аккомпаниатор;
      9) режиссер;
      10) музыкалық жетекші;
      11) хореограф;
      12) суретші;
      13) аудармашы;
      14) кітапханашы;
      15) библиограф;
      16) бағдарламашы.
      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер;
      2) бапкер;
      3) нұсқаушы.
      5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринариялық дәрігер;
      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады