Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 321 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 5681 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 399 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 27.07.2015 № 399 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес, Қостанай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Күші жойылған деп танылсын:
      1) Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 тіркелген 2014 жылдың 17 қантарында "Арна" газетінде жарияланған);
      2) Қостанай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 526 "Әкімдіктің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5058 тіркелген 2014 жылдың 17 қазанында "Арна" газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Исабаев

Әкімдіктің       
2015 жылғы 12 маусымдағы
№ 321 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшы;
      2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
      4) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      6) жұмыспен қамту орталығының маманы.

      2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшы, директор, менгеруші;
      2) басшының, директордың орынбасары;
      3) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      4) оқытушы;
      5) педагог-психолог; психолог;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      7) әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
      8) әдістемеші;
      9) өндірістік оқыту шебері;
      10) аға жетекші;
      11) әлеуметтік педагог;
      12) логопед-мұғалім, логопед;
      13) кітапхана меңгерушісі;
      14) кітапханашы;
      15) қосымша білім беру педагогы;
      16) тәрбиеші;
      17) дәрігер;
      18) медициналык бике;
      19) емдәм бикесі;
      20) дефектолог мұғалім;
      21) музыкалық жетекші;
      22) оқытушы-концертмейстер, концертмейстер;
      23) дене тәрбиесінің нұсқаушысы.

      3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) басшы, директор;
      2) басшының, директордың орынбасары;
      3) бөлім меңгерушісі;
      4) үйірме жетекшісі;
      5) музыкалық жетекші;
      6) аға кітапханашы, кітапханашы;
      7) библиограф;
      8) мәдени ұйымдастырушы;
      9) аккомпаниатор;
      10) аға әдістемеші, әдістемеші;
      11) суретші;
      12) оқытушы.

      4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) директор;
      2) директордың орынбасары;
      3) медициналық бике;
      4) жаттықтырушы -оқытушы;
      5) спорт жөніндегі нұскаушы;
      6) әдістемеші.

      5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады