Әкімдіктің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлаған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 137 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 мамырда № 4129 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 04.06.2015 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлаған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-67 тіркелген, 2008 жылғы 29 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы";
      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Қосымшаға сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі белгіленсін.";
      көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі";
      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
      1-тармақтың 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
      1-тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңес беруші";
      2-тармақтың 2) тармақшасы "интернат меңгерушісі" сөздерімен толықтырылсын;
      2-тармақ келесі мазмұндағы 22), 23) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "22) емдәм бике;
      23) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы.";
      3-тармақтың 15) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "15) әдіскер, аға әдіскер;";
      3-тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран
      ауданының әкімі                            Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Таран аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ С. Жолдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады