Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 135/15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурызда № 3486 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттар "Бозентан", "Риоцигуат", "Илопрост" амбулаториялық емдеу кезінде тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша қамтамасыз етілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 15.06.2017 № 130/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Есенжолов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов
      КЕЛІСІЛДІ
      "Павлодар облысының Денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің (ДСБ) бастығы Н. Касимов
      2013 жылғы 20 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады