Павлодар облысы бойынша жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 220/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда N 3678 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су кодексі" 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің міндетін атқарушы 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" N 223 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысы бойынша жерүсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төленетін төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық маслихатының
      хатшысы                                    М. Көбенов

Облыстық мәслихаттың  
(V сайланған ХХVІІ сессиясы)
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
N 220/27 шешіміне    
қосымша           

Павлодар облысы бойынша жерүсті су көздерінің
ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға
арналған төленетін төлемақы мөлшерлемелері

Р/с N

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

87,51

2

Өнеркәсіп, жылу энергетика-сын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер)

1000 текше метр

251,45

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

70,85

4

Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылық-тары

1000 текше метр

70,85

5

Су көздерінің суын пайдаланбай тоғандарда балық өсірумен айналысатын балық шаруашылықтары

өнімнің тоннасы

179,49

6

Су көліктері

1000 т. км

9,71

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады