2013 жылы Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 53/12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 ақпанда N 3424 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы N 105/26 шешімімен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 23.01.2014 N 105/26 шешімімен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Ақтоғай ауданының аумағында тұрақты тұратын оралмандарға беріледі (бұдан әрі – азаматтар):
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 6-бабына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, оның ішінде:
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашисттер мен олардың одақтастары құрған гетто, концлагерлердiң, және басқа да ерiксiз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындары;
      басқа мемлекеттерде жүргiзiлген ұрыс қимылдарға қатысушылар, атап айтқанда:
      ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде оқу жиынына шақырылған және Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғаныстанға жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальонының әскери қызметшілері; Ауған соғысына қатысушылар;
      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушы тұлғалар;
      3) Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, оның ішінде:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, ұрыста болуына байланысты басқа да әскери қызмет міндетін атқару кезінде ауруға шалдығудың немесе жараланудың, контузия алудың, зақымданудың салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      Ауғаныстанда және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін атқару кезінде мүгедек болған әскери қызметшілер;
      4) Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 9-бабына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде:
      Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың екінші рет некелеспеген әйелдері (күйеулері);
      Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
      5) зейнет жасына жеткен, оның ішінде:
      жақын туыстары жоқ;
      ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын тұлғалар;
      100 және одан асқан жастағы азаматтар;
      6) мүгедектер, оның ішінде:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдер;
      балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек - балалары бар отбасылары;
      мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылары;
      7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген көп балалы аналар;
      8) аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттері және ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалар;
      9) аз қамтылған азаматтар, оның ішінде:
      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
      жетім балалар;
      бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;
      уақытында, 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
      10) әлеуметтік маңызды науқасы бар тұлғалар, оның ішінде:
      онкологиялық аурулармен зардап шегуші тұлғалар;
      туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      қант диабетімен зардап шегуші тұлғалар;
      адамның иммунотапшылығы вирусынан зардап шегуші тұлғалар.
      2. Қиын өмірлік жағдайы пайда болған кезінде көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін осы жағдайдан шығуға қажет күрделілік пен шығынға байланысты комиссия анықтайды. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеген кезде отбасының (азаматтың) материалдық-тұрмыстық жағдайы актісін, отбасының (азаматтың) құрамы мен табысын, шыққан шығынды немесе қаражатқа қажеттілікті растайтын құжаттарды есепке алады.
      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган) атаулы және мереке күндеріне орай келесі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Ақтоғай аудандық бөлімшесі (бұдан әрі - Орталық) тізімінің негізінде - 75000 теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығын сатып алуға 5000 теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      1-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацында, 3) тармақшасының бірінші абзацында, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Орталық тізімінің негізінде – 3000 теңге мөлшерінде;
      мүгедектер күніне орай:
      1-тармағы 6) тармақшасында, осы тармақтың бірінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалар үшін туу туралы куәлігінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының (әрі қарай - АТК) көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, балаларға қосымша туу туралы куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 4000 теңге мөлшерінде;
      8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай:
      1-тармағы 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалар үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі, әкесінің қайтыс болғаны туралы куәлігінің немесе N 4 нысанды анықтама, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 4000 теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      1-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақы алушы балалары бар отбасы үшін 4000 теңге мөлшерінде – уәкілетті органның тізімі негізінде;
      Қарттар күніне орай:
      1 тармағы 5) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 2000 теңге мөлшерінде – уәкілетті органның тізімі негізінде;
      1 тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 5000 теңге мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
      Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай:
      1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының екінші абзацтарында, 4) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 6000 теңге мөлшерінде - Орталықтың тізімі негізінде;
      Чернобыль АЭС-iндегi апат күніне орай:
      1-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 6000 теңге мөлшерінде - Орталықтың тізімі негізінде;
      1 қыркүйек күніне орай:
      1-тармағының 6) тармақшасының бірінші абзацында, 7) тармақшасында және 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін – уәкілетті органның тізімі негізінде - 3 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай - АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 27.03.2013 N 59/14 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Кірісін есептемеусіз біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында, 3) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 4) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарында, 5) тармақшасының екінші абзацында, 6) тармақшасының бірінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті органның тізімі негізінде жазылушылардың таңдауымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға 4 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, тұрғын үйді ағымдағы жөндеу жұмыстарына Орталықтың тізімі негізінде - 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, тіс протезін салу үшін Орталықтың тізімі негізінде – 30 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындының көшірмесі, санаторлы-курорттық картаның көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - санаторлы-курорттық емделуді алуға 49000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) 1-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу төлемақысын төлеуге, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, "Ақсу қаласының психологиялық-дәрігерлік педагогикалық кеңес беру" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, ата-анасының біреуінің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      6) 1-тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін Павлодар облыстық оңалту орталығына бару үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, ата-анасының біреуінің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      7) 1-тармағы 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, қайтыс болғаны туралы анықтаманың көшірмесі, қайтыс болған сәтінде Бөлімде есепте тұрғаны жөніндегі анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш берушінің өтінішінің негізінде – 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      8) 1-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, бас бостандығынан айыру орындарынан босау туралы анықтамасының көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      9) 1-тармағы 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, Ақтоғай ауданының өртке қарсы қызметінің анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 18 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      10) 1-тармағы 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      11) 1-тармағы 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың Павлодар облысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      12) 1-тармағы 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрғаны туралы анықтамасы, студенттерге қосымша аурудың анықталу жерінен туберкулезге қарсы аурухананың анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 22 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      13) 1-тармағы 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында тіркеуде тұрғаны туралы анықтамасы, қант диабеті ауруымен ауырған балалар үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі ата-ананың бірінің жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      14) 1-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, Павлодар облысы "Жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісімен (ЖҚТБ) күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталығының филиалы" есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 7 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      5. Кірісін ескере отырып біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, оқу орнынан анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, малдың бары (жоғы) туралы ауылдық округ ветеринарының анықтамасы, сатып алынатын малдың төлқұжатының көшірмесі, малды сатып алу туралы ниет-шарты, малды сатып алу туралы баламалы ниет-шарт, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – ірі қара мал және ұсақ қара мал сатып алуға 80 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, оқу орнынан анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – "Отау" спутниктік теледидар қондырғысын орнатуға нақты баға бойынша әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, оқу орнынан анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін көмір сатып алуға ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, оқу орнынан анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 12 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      6. Кірісін ескермеусіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін облыс орталығына бару және кейін қайтудың жол ақысын төлеуге Орталық ұсынған тізімнің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде;
      2) 1-тармағының 5) тармақшасының бірінші, екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, ауылдық округ әкімдігінің тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде.
      7. Жарты жылда бір рет төленетін әлеуметтік көмек:
      1) 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, Ақтоғай ауданының әкімінің, жоғарғы оқу орынның басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісімшарты, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге әлеуметтік көмек.
      8. Кірісін ескермеусіз ай сайынғы көмек:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін дәрі-дәрмек сатып алуға және коммуналдық қызметті төлеуге Орталық ұсынған тізімнің негізінде 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, медико-әлеуметтік сараптаманың анықтамасының, туу туралы куәлігінің көшірмелері, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі ата-анасының біреуінің жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде жоғарғы оқу орындарында оқуы кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1-тармағының 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      9. Ақтоғай аудандық мәслихаттың (V шақырылған, V кезектен тыс сессия) 2012 жылғы 30 мамырдағы N 26/5 "Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2012 жылғы 20 маусымда N 12-4-119 болып енгізілген) күші жойылған деп есептелсін.
      10. Осы шешімінің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      11. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           С. Жуков

      Мәслихат хатшысы:                          Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады