Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы N 26/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда N 12-4-119 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 53/12 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.01.2013 N 53/12 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына   сәйкес және жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Ақтоғай ауданының аумағында тұрақты тұратын оралмандарға беріледі (бұдан әрі – азаматтар):
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
      2) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушы тұлғалар;
      3) Ауған соғысына қатысушылар;
      4) Ауғаныстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
      5) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші рет некелеспеген жесірлері;
      6) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың екінші рет некелеспеген әйелдері (күйеулері);
      7) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар мен екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      8) зейнет жасына жеткен, оның ішінде:
      жақын туыстары жоқ;
      ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын тұлғалар;
      9) мүгедектер, оның ішінде:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар жалғызбасты әйелдер;
      10) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
      11) табыстары азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;
      12) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын аз қамтылған азаматтар;
      13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар;
      14) жетім балалар;
      15) ағымдағы жылы ауданға жұмысқа келген және мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған жоғары медициналық оқу орындарының түлектері;
      16) бас бостандығынан айыру орнынан босатылған тұлғалар;
      17) онкологиялық аурулардан зардап шегуші тұлғалар;
      18) туберкулез ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      19) сусамыр ауруынан зардап шегуші тұлғалар;
      20) облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқитын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы орта мектептердің түлектері, жетімдер;
      21) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын бір жасқа дейінгі қолдан тамақтандырылатын балалары бар отбасылары;
      22) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Бөлім) жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби дайындау және қайта дайындауға жіберілген азаматтар;
      23) уақытында, 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
      24) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;
      25) жерлеу үшін табысына және отбасы құрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары:
      Бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
      зейнетақылық жасқа дейінгі: ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар 55 жастан;
      Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар.
      2. Бөлім атаулы және мереке күндеріне орай келесі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
      1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Ақтоғай аудандық бөлімшесі (бұдан әрі - Орталық) тізімінің негізінде - 67000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      1-тармағының 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін Орталық тізімінің негізінде - 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әрі қарай – АЕК) әлеуметтік көмек;
      2) мүгедектер күніне орай:
      1-тармағы 9) тармақшасының бірінші, екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - жеке куәлігінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігінің көшірмесі (әрі қарай - СТН), жеке әлеуметтік кодының көшірмесі (әрі қарай – ӘЖК), мүгедектігі туралы анықтаманың, балалар үшін туу туралы куәлігінің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (әрі қарай - АТК) немесе мекенжай бюросының анықтамасы, екінші абзацта балаларға қосымша туу туралы куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 1 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
      3) 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай:
      1-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалар үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың әкесінің қайтыс болғаны туралы куәлігінің немесе N 4 нысанды анықтама, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 4000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай:
      1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Орталықтың тізімінің негізінде - 6000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) Чернобыль АЭС-iндегi апат күніне орай:
      1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Орталықтың тізімінің негізінде - 6000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      6) 1 қыркүйек күніне орай:
      1-тармағының 9) тармақшасының екінші абзацында, 13), 14) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін – Ақтоғай ауданының ауылдық округ әкімдігінің тізімі негізінде - 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      3. Кірісін ескермеусіз біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін:
      өтініштері негізінде жазылушылардың таңдауымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға Орталықтың тізімінің негізінде - 4 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      тұрғын үйді ағымдағы жөндеу жұмыстарына Орталықтың тізімінің негізінде - 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      электр жылыту қондырғысын орнату үшін – жеке куәлігінің көшірмесі, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, электрмен жылыту қазандығын орнатудың сметалық актісі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде 70 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Ақтоғай ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінің тізімінің негізінде - 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін  сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындының көшірмесі, санаторлы-курорттық картаның көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - санаторлы-курорттық емделуді алуға 49000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Павлодар облыстық оңалту орталығына бару үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі, медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) 1-тармағы 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесінің, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, оқу орнын оқып бітіргені туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, еңбек келісім-шартының көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 250000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      6) 1-тармағы 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, бас бостандығынан айыру орындарынан босау туралы анықтамасының көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 4 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      7) 1-тармағы 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың Павлодар облысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтама, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 6 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      8) 1-тармағы 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрғаны туралы анықтамасы, студенттер қосымша аурудың анықталу жерінен туберкулезге қарсы аурухананың анықтамасын ұсынады, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 22 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      9) 1-тармағы 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, науқастың "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында тіркеуде тұрғаны туралы анықтамасы, сусамыр ауруымен ауырған балалар үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш иесінің өтініші негізінде - 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      10) 1-тармағы 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтама, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      11) 1-тармағы 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесінің N 20 өрт сөндіру бөлімінің анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 100 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      12) 1-тармағы 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, қайтыс болғаны туралы анықтаманың көшірмесі, қайтыс болған сәтінде Бөлімде есепте тұрғаны жөніндегі анықтамасы, Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарына және Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушының куәлігінің көшірмелері, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш берушінің өтінішінің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      4. Кірісін ескере отырып біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 12 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, сатып алынатын малдың төлқұжаты, малды сатып алу туралы ниет-шарты, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – ірі қара мал және ұсақ қара мал сатып алуға 80 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      5. Кірісін ескермеусіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін облыс орталығына бару және кейін қайтудың жол ақысын төлеуге Орталық ұсынған тізімнің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, АТК немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге Орталық ұсынған тізімнің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      6. Кірісін ескере отырып тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, баланың қолдан тамақтандыруда болатынын растайтын медициналық мекеме анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      7. Жартыжылда бір рет ұсынылатын әлеуметтік көмек:
      1-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, Ақтоғай ауданының әкімінің, жоғарғы оқу орынның басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты келісімшарты, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде білім беру қызметтерін көрсетуге әлеуметтік көмек.
      8. Кірісін ескермеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      1) 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін дәрі-дәрмек сатып алуға және коммуналдық қызметті төлеуге Орталық ұсынған тізімнің негізінде - 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      2) 1-тармағының 2), 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін дәрі-дәрмек және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеуге Орталық ұсынған тізімнің негізінде - 3 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      3) 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі, медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      4) 1-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жоғарғы оқу орындарында оқуы кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде - 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      5) 1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, АТК көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы, оқушының сабаққа қатысу табелінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініштің негізінде – 5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
      9. Осы шешімінің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            К. Саржанов

      Мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады