Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 23.01.2014 N 105/26 шешімімен).
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың (V шақырылған, кезектен тыс ХІІ сессиясы) 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 53/12 "2013 жылы Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 3424 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 наурыздағы N 9 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтағы "68000" деген сандар "75000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Жуков
Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов