Успен аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қаңтардағы (V сайланған XII кезектен тыс сессиясы) "2013 жылға арналған Успен ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 65/12 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успенка аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 81/15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 сәуірде N 3514 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 шілдедегі N 1-28/1-14/136 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 29.07.2014 N 1-28/1-14/136 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағы 2-3) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Успен аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қаңтардағы (V сайланған XII кезектен тыс сессиясы) "2013 жылға арналған Успен ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 65/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 14 ақпанда N 3420 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 ақпандағы "Апта айнасы" N 8, "Сельские будни" N 8 газеттерінде жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      25) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "25) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есебінде тұрған жұмыссыздарды қайтыс болған кезде жерлейтін, тұлғалар (әрі қарай- өкілетті орган);";
      31), 32), 33), 34) тармақшалармен төмендегі редакцияда толықтырылсын:
      "31) облыс бойынша белгіленген азық-түлік себетінің көлемінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      32) ауданға жұмыс істеу үшін жаңадан келген дәрігерлер;
      33) емделуге, тексерілуге жіберілген мүгедек балалар;
      34) өкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтар.";
      3-тармақта:
      екінші абзацта "20 000" сандары "75 000" сандарымен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта "өкілетті органның тізімі" сөздері "ауыл және ауыл округтері әкімдерінің тізімдері" сөздерімен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      2) тармақшада "49 000 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек," сөздерінен кейін "санаторлық-курорттық емдеуге жолдау үшін медициналық тексеруге 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде әлеуметтік көмек," сөздерімен толықтырылсын;
      10), 11) тармақшалармен төмендегі редакцияда толықтырылсын:
      "10) 1-тармақтың 32) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесі, жеке еңбек келісімшартының көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, мекен-жайы туралы анықтама – 500 000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;";
      "11) 1-тармақтың 33) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, емдеуге немесе тексерілуге медициналық мекемесінен жолдаманың көшірмесі – жолақысына 12000 теңге дейінгі мөлшерде біржолғы материалдық көмек.";
      5-тармақ төмендегі редакциядағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "1-тармақтың 31) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама, село, ауылдық және селолық округтері әкімдігі жанындағы учаскелік комиссиямен ұсынылатын, материалдық – тұрмыстық жағдайын тексеру туралы акті – қосалқы шаруашылығын дамытуға 150 000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек.";
      6-тармақта:
      2) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "1-тармақтың 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өкілетті органның тізімі негізінде – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;";
      2) тармақша төмендегі редакциядағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "1-тармақтың 17), 19) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өкілетті органның тізімі негізінде – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде.";
      7-тармақ 4) тармақшамен төмендегі редакциямен толықтырылсын:
      "4) 1-тармақтың 34) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, оқу кезеңін растайтын құжат, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама – кәсіптік оқудан өту кезеңінде 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде әлеуметтік көмек.".
      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Д. Нәукенов

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады