Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы N 1/150 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда N 972 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы N 2/400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 26.05.2014 N 2/400 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы»,  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 41 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға медициналық жәрдем көрсетудi одан әрi жақсарту туралы» бұйрығына және V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XI сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 74 «Алматы қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешiмiн орындау үшiн Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сонымен қатар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларды стоматологиялық емдеу мен тiс протездерiн салу Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына 2013 жылы жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражат есебiнен қамтамасыз етiлсiн.
      2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сонымен қатар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға стоматологиялық емдеу мен тiс протездерiн салу қызметтерiн көрсетуді;
      2) аталған топтағы тұлғаларға көрсетiлетiн стоматологиялық емдеу мен тiс протездерiн салу көлемiнiң орындалуы мен сапасын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң «Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерiне, сонымен қатар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудiң кейбiр мәселерi туралы» 2012 жылғы 2 ақпандағы № 1/94 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 922 болып тiркелген, 2012 жылғы 15 наурызда «Вечерний Алматы» газетінде және 2012 жылғы 13 наурызда «Алматы ақшамы» газетiнде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкімі                  А.Есімов


      Енгізуші:

      Алматы қаласы Денсаулық
      сақтау басқармасының
      міндетін атқарушы                       Ж. Қасымжанова

      Келісілді:

      Алматы қаласы
      әкімінің орынбасары                     С. Сейдуманов

      Алматы қаласы әкімі
      аппараты заң бөлімінің
      меңгерушісі                             А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады