Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 маусымдағы N 1151 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 шілдеде N 2304 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі N 729 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 13.04.2016 N 729 қаулысымен (ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 120-тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Т. Закариянов

  Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 1151
қаулысына қосымша

Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орындар

р/к №
Автодүкендерді және (немесе) шатырларды орналастыру орындары
1.
Пушкин және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, "Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағы
2.
Мағжан Жұмабаев және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, "Сердечная" дәріханасының жаны
3.
Казахстанская правда және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы. "Полиграфия" акционерлік қоғамы аумағы
4.
Ыбырай Алтынсарин және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, Орталық алаң ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі ғимаратының алдында
5.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағында:
1) "Дельфин" фонтаны ауданы
2) "Даниал" дәмханасының жаны
3) "Медведи" мүсінінің жаны
6.
Қазақстан Конституциясы к., "Рахат" сауда үйі ауданы
7.
Ыбырай Алтынсарин және Интернациональная көшелерінің қиылысы, "Алаугаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гүлбағының ауданы
8.
М. Әуезов көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының жаны
9.
Мағжан Жұмабаев көшесі, Мағжан Жұмабаев гүлбағы ауданы
10.
Жеңіс саябағы – Орталық кіре беріс есік
11.
Жеңіс саябағы – "Бақыт" автожанармай құю станциясы ауданы
12.
Есіл өзеніндегі қалалық жағажай
13.
"Северная звезда" стелласы (Пестрое көлі)
14.
Абай және Ыбырай Алтынсарин көшелерінің қиылысы, "Elle" дүкені ауданы
15.
Мир және Кеңес Одағының батыры Андрей Максимович Хименко атындағы көшелердің қиылысы, "Славянка" дүкені ауданы
16.
Мир көшесі, "Экспресс" дүкені ауданы
17.
Мир көшесі, "Северный" тұрмыстық үйі мен № 23 орта мектептің арасындағы аудан
18.
Интернациональная көшесі, "Черемушки" дүкені ауданы
19.
Қаныш Сәтбаев көшесі, "Янтарь" дүкені ауданы
20.
Юбилейная көшесі, № 2 үй ауданы
21.
Шоқан Уәлиханов көшесі, "Изюминка" дүкені ауданы
22.
Евней Бөкетов және Александр Пушкин көшелерінің қиылысы, "Продукты" дүкені ауданы
23.
Рижская көшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы "3-ші қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады