Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 729 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда N 3734 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 672 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 14.05.2018 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. "Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 1151 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2013 жылғы 12 шілдедегі № 28 "Проспект СК", 2013 жылғы 12 шілдедегі № 28 "Қызылжар Нұры" ресми баспа басылымдарында жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2304).
      3. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуір № 729 қаулысына қосымша

Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар


р/р

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондарды) орналастыру орындары

1

Пушкин және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы, Н.Ф. Погодин атындағы орыс драма театрының алдында

2

Ыбырай Алтынсарин атындағы және Интернациональный көшелерінің қиылысы, "Горгаз-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саябағының маңы

3

Мұхтар Әуезов атындағы көшесі, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "ҰАҚ филиалы ХҚКО" СҚО бойынша халық үшін мемлекеттік басқару корпорация" жанында

4

М. Жұмабаев көшесі, Мағжан Жұмабаев саябағының маңы

5

Жеңіс саябағы – Орталық кіреберіс

6

Жеңіс саябағы, "УФА Ойл.kz" жанармай құю станциясының маңы

7

Абай және Ыбырай Алтынсарин атындағы көшелерінің қиылысы, "Elle" дүкенінің маңы

8

Мир және Хименко көшелердің қиылысы, "Славянка" дүкенінің маңы

9

Мир көшесі, "Экспресс" дүкенінің маңы

10

Мир көшесі, "Северный" тұрмыстық үйі мен №23 орта мектептің арасында

11

Интернациональная көшесі, "Черемушки" дүкенінің маңы

12

Қаныш Сәтбаев атындағы көшесі, "Янтарь" дүкенінің маңы

13

Жәлел Қизатов атындағы көшесі, №2 үйдің маңы

14

Ш. Уәлиханов атындағы көшесі, "Изюминка" дүкенінің маңы

15

Евней Букетов атындағы және Пушкин көшелерінің қиылысы, "Продукты" дүкенінің маңы

16

Тауфик Мухамед-Рахимов атындағы көше, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "№3 қалалық аурухана" маңы

17

Нефтепроводная көшесі, Мамандандырылған департамент бөлімі "ҰАҚ филиалының ХҚКО "СҚО бойынша халық үшін мемлекеттік басқару корпорпциясы" маңы

18

Абай көшесі, Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "СҚМУ жүзу бассейнінің" маңы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады