Ескерту. Қаулының атауы Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № 397 қаулысының редакциясында (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына және V шақырылған аудандық мәслихаттың ХІІІ сессиясының 2013 жылғы 12 маусымдағы № 101-V "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет саласының мамандары лауазымдардың тізбесіне келісім алу туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулы қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № 397 қаулысының редакциясында (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Арыстан |
"Келісілді":
Индер аудандық мәслихатының
кезекті ХІІІ-ші сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы: Б. Сапаров
02 тамыз 2013 жыл
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 02 тамыздағы № 264 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қаулының қосымшасы Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 14.11.2014 № 397 қаулысының редакциясында (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) директор
2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
3) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
4) әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
6) кітапхана меңгерушісі;
7) кітапханашы;
8) нұсқаушы;
9) зертханашы;
10) психолог;
11) аккомпаниатор;
12) концертмейстер;
13) тәрбиеші;
14) дирижер;
15) меңгеруші;
16) әдістемеші;
17) музыкалық жетекші;
18) шебер;
19) жетекші;
20) үйірме жетекшісі;
21) медициналық бике;
22) емдәм бикесі;
23) хореограф.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы;
3) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары;
4) клуб меңгерушісі;
5) кітапхана меңгерушісі;
6) кітапханашы;
7) барлық атаудағы суретшілер;
8) концертмейстер;
9) музыкалық жетекші;
10) редактор;
11) режиссер;
12) қоюшы-режиссер;
13) хореограф;
14) дирижер;
15) мәдени ұйымдастырушы;
16) аккомпаниатор;
17) үйірме жетекшісі;
18) тәдістемеші;
19) әртіс;
20) солист;
21) инспектор.