Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 264 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 397 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3045 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 9 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 264 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2775 тіркелген, 2013 жылғы 29 тамыздағы аудандық "Дендер" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулы қосымшасына сәйкес айқындалсын".
      2. Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан
      КЕЛІСІЛДІ"
Индер аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
14 қараша 2014 жыл
А. Үмітқалиев
      Индер аудандық мәслихат
хатшысы:
14 қараша 2014 жыл
Б. Сапаров

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 397 қаулысына қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) директор
      2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      3) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      4) әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
      5) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      6) кітапхана меңгерушісі;
      7) кітапханашы;
      8) нұсқаушы;
      9) зертханашы;
      10) психолог;
      11) аккомпаниатор;
      12) концертмейстер;
      13) тәрбиеші;
      14) дирижер;
      15) меңгеруші;
      16) әдістемеші;
      17) музыкалық жетекші;
      18) шебер;
      19) жетекші;
      20) үйірме жетекшісі;
      21) медициналық бике;
      22) емдәм бикесі;
      23) хореограф.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
      5) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы;
      3) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесі, филиалы басшысының орынбасары;
      4) клуб меңгерушісі;
      5) кітапхана меңгерушісі;
      6) кітапханашы;
      7) барлық атаудағы суретшілер;
      8) концертмейстер;
      9) музыкалық жетекші;
      10) редактор;
      11) режиссер;
      12) қоюшы-режиссер;
      13) хореограф;
      14) дирижер;
      15) мәдени ұйымдастырушы;
      16) аккомпаниатор;
      17) үйірме жетекшісі;
      18) тәдістемеші;
      19) әртіс;
      20) солист;
      21) инспектор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады