Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының 26.02.2014 № 207 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Р.Жолдас
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 94 қаулысымен бекітілген
2013 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландыру көздері
Р/с |
Мекеменің атауы |
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қаржыландыру көздері |
Көлемі |
1 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері |
42 |
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу |
Жергілікті бюджет |
6 ай |
2 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараттары, «Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
100 |
Аймақты экологиялық сауықтыруға, көріктендіруге қатысу |
Жергілікті бюджет |
1 ай |
3 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауыл округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері, «Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
200 |
Аулаларды көгалдандыру, ағаш отырғызу |
Жергілікті бюджет |
15 күн |
4 |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері |
50 |
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу |
Жергілікті бюджет |
10 күн |
5 |
«Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
8 |
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу |
Жергілікті бюджет |
11 күн |
Барлығы |
400 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.