"Әлеуметтiк көмек алу үшiн мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажеттi құжаттардың тiзбесiн айқындау туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы N 15/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде № 2929 болып тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы N 25/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 24.12.2013  N 25/3-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 

      Қазақстан Республикасының «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың «Әлеуметтiк көмек алу үшiн мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажеттi құжаттардың тiзбесiн айқындау туралы» 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/5-V (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 5-1-184 нөмiрiмен тiркелген, 2012 жылғы 10 мамырдағы № 19 «Өскемен» және № 19 «Усть-Каменогорск» газеттерiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Сессия төрағасы                            Г. Сарро

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады