"Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі N 1780 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 мамырда N 2942 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 19.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 27-баптарына, "Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына сәйкес, Зырян қаласының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде нөмірімен 5-12-83 тіркелген) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Зырян қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын автодүкендерден көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 8-қосымшаға сәйкес орындар.";
      аталған қаулыға 1-қосымшаның 1-тармағы келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станса мен "Нокия" дүңгiршек аралығында.";
      аталған қаулыға 6-қосымша келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станса мен "Нокия" дүңгiршек аралығында.";
      аталған қаулыға 2-қосымшадағы 3-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

      

  Зырян ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 16 сәуірдегі № 1780
қаулысына қосымша
Зырян ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351
қаулысына 8-қосымша

Зырян қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын
автодүкендерден көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
орындар тізбесі

      1. Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станса мен "Нокия" дүңгiршек аралығында.
      2. Солнечная көшесі бойынша "Алые паруса" кафесінің ауданында.
      3. Панфилов көшесі бойынша "Рита" дүкенінің ауданында.
      4. Панфилов көшесі бойынша "Эконом" дүкенінің ауданында.
      5. Геологическая көшесі бойынша "Луч" дүкенінің ауданында.
      6. Рудная көшесі бойынша "Ивушка" дүкенінің ауданында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады